Радио туралы | Жұлдыз FM

Жұлдыз FM

Жұлдыз FM радиосы 2014 жылдың қараша айынан хабар тарата бастады. Аз ғана уақыт ішінде еліміздің түкпір-түкпірінен тыңдармандарын тауып, талғамынан шыға білді.

Жұлдыз FM - Қазақстандағы тек қана ана тілімізде хабар тарататын және бағдарламалары телеарнадан қатар көрсетілетін жалғыз радиостанция. Басты мақсатымыз - тыңдармандарға сапалы музыкалық контент ұсынып,  пайдалы, әрі өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету,  тәрбиесі мен тағылымы мол бағдарламалар жасау. Радио бастапқыда жастарға арналған бағытта ашылғанымен,  бүгінде бізді еңбектеген бала мен еңкейген қартқа дейін тыңдайды.

Яғни, тыңдармандарымыздың жас мөлшерінде ешбір шектеу жоқ. Жұлдыз FM - сағат сайын еліміздегі ең соңғы жаңалықтармен хабардар ететін, жаңадан шыққан әндердің "тұсаукесері" жасалатын, ең танымал жұлдыздармен эксклюзивті сұхбаттар жүргізілетін,  таңнан кешке дейін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеретін радио.

Жүлделер мен сыйлықтар

Ашылғанына аз ғана уақыт өтсе де,  Жұлдыз FM радиосы бірнеше беделді марапатқа қол жеткізіп үлгерді:

  • Үркер
    2018

    Басты мақсат – талантты журналистер мен сапалы медиа-жобаларға қолдау көрсету.
    Байқаудың қазылар алқасы осы саланың майталмандары мен қоғам қайраткерлерінен және сарапшылардан құралады. Қазылардың толық тізімі алдын ала жарияланады.
    Сыйлық 15 аталым бойынша беріледі. Журналистиканың дәстүрлі салаларымен қатар, «үздік фотосурет», «Қазақстан туралы ең үздік танымдық материал» және «Қазнеттегі медиа серпіліс» сияқты бағыттар қамтылады.
    Байқауға өтініш 7 мамырдан бастап el.kz сайтында қабылданады, сыйлыққа қатысты егжей-тегжейлі ақпарат та сонда болмақ. Салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады

  • Халықтың сүйіктісі
    2016
  • Толқын
    2018

Радио ұжымы

Мадина Өмірбекова
бас директор

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Etiam odio lacus, fringilla at leo sed, ultrices mollis erat. Donec at tincidunt dui. Fusce congue quam est. Nulla molestie ac nibh at euismod. Phasellus facilisis semper odio non dapibus.
Nam non venenatis nisi, eget pellentesque nulla. Integer odio arcu, ornare sit amet facilisis quis, dignissim vitae neque. Integer luctus orci eu elit malesuada, a vestibulum odio sollicitudin. Nulla metus nunc, euismod ac felis sed, luctus efficitur nisi.

Буров Андрей
техникалық директор

Техникалық директор

Жасұлан Қали
бағдарлама директоры

Өзім туралы : Туған күнім 01.09.1982. Жеті айлық,1 кг.200 грамм болып тудым. Тұңғышымын. Менен кейін Бинура деген қарындасым және Руслан деген інім бар.Өте жақсы адаммын.

Жетісітіктері: Қазақ болып туылдым.

Хоббиі: Футбол көру және ойнау.

Сүйікті фильмдерім : Кино көрмеймін.

Сүйікті кітаптарым: Мен оқымаған екі ғана кітап қалды.

Өмірлік ұстанымы: Адамдарды қуанту.

Жұмыс тәжірбиесі : 9-шы сыныптан бастап жұмыс істеп жүрмін.

Әлеуметтік желі :

Instagram:@zhass_kali

Электронды пошта : zhass.kali@mail.ru

Жандәурен Мәди
радиожүргізуші

Бағдарламалар:  «Кешкі шоу» , «Сәлем саған туған ел!»

Өзім туралы:  Анам мен әкемді 15 жыл күттіріп дүниеге келген үйдің кенжесімін. Достарымның айтуы бойынша, өте пысық, білімді және оқымысты  жігітпін (бірақ ол өтірік). Мен туралы тағы да білгіңіз келсе өзіме жазыңыз.

Жетістіктері: «Nauryz Jam-2014» байқауының вокал номинациясы бойынша жеңімпаз; «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары», «Махамбет оқулары», «Күншуақ» халықаралық байқауының,  «Дельфи ойындары» және тағы да басқа фестивальдердің бас жүлде иегері.  

Хоббиі: Негізі көп. Үй жинау, ұйықтау және кино көру т.с.с.

Өмірлік ұстанымы:  Жалындап жанған от бол, От бола алмасаң, жоқ бол!

Жұмыс тәжірибесі:

2014-2015  жылы  «Мойынқұм таңы» газетінен іс-тәжірибеден өтті;

2015-2017 жылы «КТК» арнасының жаңалықтар бөлімінде іс-тәжірибеден өткен;

2017 жылдан бері  «Жұлдыз Фм» радиосының  жүргізушісі.

 

Әлеуметтік желі:

ВК: https://vk.com/zhandauren

Facebookhttps://www.facebook.com/profile.php?id=100006738427645

Instagram: https://www.instagram.com/jandaurenmadi/

Эл.пошта:  jandauren2212@gmail.com

Наргиз Ибрагим
радиожүргізуші

 

Бағдарламалар: «Таңғы шоу», «Сәлем саған туған ел!»

Өзім туралы : Отбасымның тұңғышымын, меннен кейін 2 інім бар.

Міңезге келетін болсақ, өте көңілді жүрген ұнайды. Айналамдағы адамдардың көңілін табу үшін үнемі тырысып, алып ұшып жүрем. Бірақ, адам ұнамаса, көңілімді қалдырса  онымен тіл табысуым екіталай.. (мүлдем мүмкіндік жоқ деуге болады..)

 

Жетісітіктері: Ең алғашқы жетістігім жарық дүниеге келгенім деп білем)

Мектеп қабырғасында біраз меркелік шараларға қатысып, жүлделі орындар алғаным бар. Ғылыми жобалар қорғап, «Қазақстанның үміт артарлары» (2010 ж.) кітабына есімім шықты.

Хоббиі: Суға жүзгенді,фильм көргенді, тыныштықта ортырып кітап оқығанды жаұсы көремін. Арасында уақыт тауып, көрмелерге барып, саяхаттауды жаным сүйеді. Таңертен ұйқыдан ояна салып, ыстық қара кофе ішіп армандау мен үшін әлемдегі ең керемет дүние...

Сүйікті фильмдерім : « Великий Гэтсби», «Волк из Уолк Стрит», «Век Адалин» , «Милые обманщицы»

Сүйікті кітаптарым: « Махаббат қызық мол жылдар»,  «Цветы для Элджернона», « Унесенные ветром», « Стигмалион» , «Бегущий за ветром» және т.б.

 

Өмірлік ұстанымы: Мүмкін емес нәрсе жоқ- тек қана солай ойлайтын адамдар бар! ( Если сильно захотеть- можно и в космос полететь)

 

Жұмыс тәжірбиесі : 2018 жылы «Жұлдыз фм» радиосының жүргізушісі.

 

Әлеуметтік желі :

Instagram: Nargiz.ibragim

Электронды пошта : Nargiza.kz@bk.ru

 

 

 

Ақбибі Қамидолла
радиожүргізуші

Бағдарламалар: «Таңғы шоу», «Сәлем саған туған ел!»

Өзім туралы: Үйдің ерке қызымын (ағам және інім бар). Өте ақкөңілмін. Бес жасымнан биге қатысамын, қазіргі таңда «Бақыт» шоу-балетінің солисімін. 2018 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін үздік деген бағамен бітірдім.

Жетістіктері: Осы уақытқа дейін биік белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жетпеппін. Бірақ мектепте түрлі «Абай», «Мұқағали» секілді оқуларға қатысып, жүлделі орындарға ие болғам. ЖОО-ны қызыл дипломмен тәмамдадым.

Хоббиі: би билеу, кино көру, тәтті тағамдар пісіру, кофе ішу.

Өмірлік ұстанымы: «Өмірге адам болып келгеннен кейін, адам болып қайту керек!»

Жұмыс тәжірибесі:

2015-2016 жылдары «Шоу-life» журналынан іс-тәжірибеден өттім;

2017 жылы «Заң» газетінен іс-тәжірибеден өттім;

2019 жылдан бері «Жұлдыз Фм» радиосының жүргізушісі.

Әлеуметтік желі:

Instagram: akbibi.k

Эл.пошта: ak_bibi@mail.ru

 

Махаббат Базарбайқызы
радиожүргізуші

Радиожүргізуші

Әсем Нурғали
жаңалықтар жүргізушісі

Өзім туралы: Үйдің үшінші перзенті болсам да, еркемін. Себебі, қыздардың кенжесімін, екі әпкем және інім бар. Қазір тұрмыстамын. Жалпы өзім туралы айтқанды ұната бермеймін. Себебі, «сырт көз - сыншы» деген ұғымды ұстанамын. Бастысы, көңілім ақ, ешкімге жаман ниетім жоқ.Негізгі мақсатым өз ішкі дүниеммен әрдайым үйлесімділікте болу. Мен үшін адамның өзін-өзі іштей тәрбиелей алуы маңызды. Жалпы арман-мақсатым өте көп.

Жетістіктері: 2010 жылы Республикалық ғылыми жобалар сайысының 3 орын иегері

2013-2014 жылдары университет қабырғасында көптеген ғылыми жұмыстармен айналысқанмын.

Хоббиі: Мотивация беретін кітаптарды оқығанды, саяхатты өте қатты жақсы көремін. Көлікте, қолым босай қалса, міндетті түрде музыка тыңдаймын.

Жұмыс тәжірибесі:

2015-2016 жж. Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта аудармашы- көмекшісі

2016 жылы Radiobest  мектебінде Радиожүргізуші курсын бітірдім.

2016-2018  жылдар аралығында сақтандыру компаниясы.

2018 жылдың тамыз айынан бастап Елорда тынысы, Жұлдыз Фм радиосында жаңалықтар жүргізушісімін.

Өмірлік ұстаным: Әр істің бір қайыры бар.

Әлеуметтік желі: 

Instagram: sema_0101

Эл.пошта: sema_0101@mail.ru

 

Жандос Сейдалин
жаңалықтар жүргізушісі

Т.Қ.Жүргенов өнер академиясын бітіргенмін.

Мамандығым: Театр және Кино актері. 
Жұмыс тəжірибем: Бірнеше фильмдер мен сериялдарға түсіп үлгердім. 
6 жыл "Classic" радиосында жұмыс істедім. 
Концерттер мен фестивальдер жургіземін. 
Радио саласында бірнеше марапаттар бар, кейін айтармын. 
Инстаграм: @zhandosseidalin

 

Гульназ Шалбаева
кадр бөлімінің маманы

Кадр бөлімінің маманы

Еспай Айзат
дыбыс инженері

Дыбыс инженері

Нұрғазы Кемелхан
дыбыс инженері

Дыбыс инженері

Хабар тарату аймағы

101.4
Алматы
100.8
Астана
100.4
Талдықорған
104.4
Қостанай
106.3
Ақтөбе
107.1
Павлодар
106.8
Тараз
102.4
Қызылорда
104.2
Жезқазған
107.2
Атырау
106.7
Қарағанды
106.1
Көкшетау
105.8
Ақтау
105.1
Орал
89.2
Шымкент
102.9
Өскемен
106.3
Петропавловск
106.5
Семей

Байланыс

Бізбен байланысу

Редакция:
Алматы қаласы,  Қарасай батыр көшесі, 88 үй.

Бізбен байланысу:
+7 (727) 3 888 101

Кадрлар бөлімі және Коммерциялық қызмет:
+7 (727) 3 888 155