Бағдарламалар | Жұлдыз FM радиосы | Радио Zhuldyz FM

Дүйсенбі – Жұма

07:00-10:00

Жүргізуші:

Жандәурен Мәди

 

Таң көңілді басталып, күн сәтті өтсін десеңіз – «Жұлдызды таңда» бағдарламасын қосыңыз! Жандәурен Мәди тыңдармандарға тамаша көңіл-күй сыйлауға дайын. Таңғы 7:00 мен 10:00 аралығында эфирде - елең еткізер деректер, қызықты ойындар мен таңдаулы музыка!

"Жұлдызды таңда" Соңғы жүктелген хабар

Дүйсенбі – Жұма

12:00-15:00

Жүргізуші:

Наргиз Ибрагим

«Шыны керек» - тыңдарманмен баршамызды мазалайтын тақырыптар бойынша пікір алмасуға арналған бағдарлама. 3 сағат бойы тікелей эфирде Наргиз Ибрагим тыңдарманды ашық әңгімеге тартып, шынайы оқиғалар айтылады. Қарым-қатынас, ақша, жұмыс, жалғыздық, таңдау, қорқыныш, отбасы, әлеуметтік орта, мансап — әр күннің өз тақырыбы бар.

"Шыны керек" Соңғы жүктелген хабар

Жүргізуші:

Жандәурен Мәди

 

Жұлдыз FM радиосында жаңа жоба! Zhuldyz LIVE – отандық музыканттар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, тыңдармандарымен жақындай түсетін музыкалық шоу. Жоба аясында Қазақстанның ең үздік әншілері апта сайын 1 сағат бойы жанды дауыста ән салады. Радиошоу мақсаты – қазақ музыкасын дәріптеу, жанды дауысты насихаттау және отандық эстрадада фонограммасыз ән айтатын кәсіби музыканттар көп екенін көрсету. 

Ұшқын Жамалбек Соңғы жүктелген хабар

Дүйсенбі - Жұма 

17:00-18:00

Жүргізуші:

Аяулым Тілеуқабыл 

 

Тыңдарман жүрегінен шыққан жылы лебіздер мен шынайы тілектер тоғысатын бағдарлама! Эфир барысында ең әсерлі және мазмұны ерекше құттықтаулар таңдалып оқылады. 

01.07.2020 Соңғы жүктелген хабар

Дүйсенбі – Жұма

09:00-18:00

 

 

 

Әр сағат сайын елімізде болып жатқан жаңалықтармен тікелей эфирде тыңдармандарды хабардар етеді.