2019 жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Тарихи маңызы бар күнге отандық әртістер де барынша атсалыспақ. Мәселен, өмірінде бірде-бір рет сайлауға барып көрмеген Тәуекел Мүсілім биыл бұл олқылықтың орнын толтыратын секілді, деп жазады Stan.kz.
"Кезектен тыс президент сайлауы туралы хабарланды. Шынымды айтсам, ешқашан сайлауға барып көрмеппін", - деп ағынан жарылды актер желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары Тәуекелдің бұл жазбасын қызу талқыға салды.
"Барудың қажеті қанша? Бәрі шешіліп қойса?" - деп пікір білдірді оқырманның бірі.
Өзге оқырмандар сайлауға бару керек екенін айтты.
"Бармайтындар жемқорларға жол ашып береді. Сіздер бармаған соң, дауыстарыңызды қолданады", - деп кеңес берді оқырманның бірі.
Жаңа пікір қосу