Танымал ақын, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман профессор атанды. Мұндай атақты оған Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы берген, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттіг.
Енді ол өнер академиясында "айтыс" мамандығы бойынша дәріс оқымақ.
"Мен кеше Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры атандым! Енді академияда ашылған Ұлттық өнер факультетінде айтыс мамандығы бойынша дәріс оқитын боламын", - деп қуанышын бөлісті ақын желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Жүрсін Ерман 1951 жылы Қарағанды облысының Ұлытау ауданында туған. ҚазМУ-дың (ред. қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін тәмамдаған.
Жаңа пікір қосу