Халықтың қос сүйіктісі Мақпал Жүнісова мен Мейрамбек Бесбаев бірігіп бейнебаян түсірді. "Өмір" атты сырлы да мағыналы туындының сазын - Ербол Ақбасов, ал сөзін Қалқаман Сарин жазған, деп хабарлайды Stan.kz.
Бейнебаянның режиссері - Жеңісхан Момышев.
Мақпал Жүнісова мен Мейрамбек Бесбаев аталған клипті музыкалық телеарналарға әзірге бермеген. Жұлдызды жұптың ортақ туындысы YouTube-тегі арналардың бірінде жарияланды. Сондықтан болар, қаралым саны көңіл қуантпайды. Небәрі - 14 мыңнан асады.
Әйткенмен елі сүйетін қос өнерпаз үшін көрсеткіш - басты мақсат емес. Бастысы, халық екеуін де арзан атақ пен хайп үшін емес, шынайы өнері үшін жақсы көреді.
Жаңа пікір қосу