Жас әнші Ержан Максим Оралға келген соң жіберген сабақтарын қайта оқиды. Ал, тойларға бұдан былай шықпауы мүмкін. Бұл туралы Ержанның әкесі айтты, деп хабарлайды Уральская неделяға сілтеп Stan.kz.
Ержан 6-сыныпта оқиды. Әкесі таксист, анасы жұмыссыз. Ұлының ән айтуын қадағалайды. Отбасында тағы екі қыз бар. Олар Ержаннан үлкен.
"Ержан 6 жасынан бастап тойларда өнер көрсетті. Барлық жерде ән айтып жүреді. Көлікте де ән айтып отырады", - дейді әкесі.
Ресейдегі "Голос. Дети" байқауына Ержан тойдан жинаған қаражатымен барған.
"Костюм алу керек болды. Мәскеуде тұрғанының өзіне көп қаражат керек болды. Мен облыс әкімі Алтай Көлгіновке барып, көмек сұрадым. Ол кісі демеуші тауып берді", - деді әкесі.
"Ал, тойларға енді шықпайтын шығар. Онымен суретке түскісі келетіндер енді көбейеді. Көпшілікке танылып қалды. Бұл оған ауыр болады", - деді әншінің әкесі.
Әкесінің айтуынша, олар Мәскеуден елге қайтпақ болғанда үлкен әртістің Ержанмен кездескісі келетіні туралы хабар түседі. Алайда кім екенін айтпаған. Кейін Алла Пугачева екені белгілі болыпды.
"Ержан, сен әлемдік деңгейдегі үлкен әртіс боласың", - деді Пугачева.
Жаңа пікір қосу