Радио туралы | Жұлдыз FM радиосы | Радио Zhuldyz FM

Жұлдыз FM

Жұлдыз FM радиосы 2014 жылдың қараша айынан хабар тарата бастады. Аз ғана уақыт ішінде еліміздің түкпір-түкпірінен тыңдармандарын тауып, талғамынан шыға білді.

Жұлдыз FM - Қазақстандағы тек қана ана тілімізде хабар тарататын және бағдарламалары телеарнадан қатар көрсетілетін жалғыз радиостанция. Басты мақсатымыз - тыңдармандарға сапалы музыкалық контент ұсынып,  пайдалы, әрі өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету,  тәрбиесі мен тағылымы мол бағдарламалар жасау. Радио бастапқыда жастарға арналған бағытта ашылғанымен,  бүгінде бізді еңбектеген бала мен еңкейген қартқа дейін тыңдайды.

Яғни, тыңдармандарымыздың жас мөлшерінде ешбір шектеу жоқ. Жұлдыз FM - сағат сайын еліміздегі ең соңғы жаңалықтармен хабардар ететін, жаңадан шыққан әндердің "тұсаукесері" жасалатын, ең танымал жұлдыздармен эксклюзивті сұхбаттар жүргізілетін,  таңнан кешке дейін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеретін радио.

Жүлделер мен сыйлықтар

Ашылғанына аз ғана уақыт өтсе де,  Жұлдыз FM радиосы бірнеше беделді марапатқа қол жеткізіп үлгерді:

  • Үркер
    2018

    Басты мақсат – талантты журналистер мен сапалы медиа-жобаларға қолдау көрсету.
    Байқаудың қазылар алқасы осы саланың майталмандары мен қоғам қайраткерлерінен және сарапшылардан құралады. Қазылардың толық тізімі алдын ала жарияланады.
    Сыйлық 15 аталым бойынша беріледі. Журналистиканың дәстүрлі салаларымен қатар, «үздік фотосурет», «Қазақстан туралы ең үздік танымдық материал» және «Қазнеттегі медиа серпіліс» сияқты бағыттар қамтылады.
    Байқауға өтініш 7 мамырдан бастап el.kz сайтында қабылданады, сыйлыққа қатысты егжей-тегжейлі ақпарат та сонда болмақ. Салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады

  • Халықтың сүйіктісі
    2016
  • Толқын
    2018

Радио ұжымы

Анар Мыңбаева
бас редактор

Өзім туралы: Ата-анамның тұңғышымын. Жарық дүниемен қауышуға асыққаным соншалық, 1985 жылдың 1 қыркүйегінде 7 айлық болып дүниеге келгенмін. Артымнан ерген 3 сіңлім және 2 інім бар. Адам бойындағы ерекше құрметтейтін қасиетім – жауапкершілік.

Жетістіктері: Бүгінге дейінгі ең басты екі жетістігім – қызым Амина мен ұлым Айбатыр.

Хоббиі: музыканы қатты қойып, түрлі тағамдар пісіргенді жаным сүйеді. Қолым босай қалса, кітап оқығанды жақсы көремін.

Өмірлік ұстанымы: Бұл дүниеде сіз ешкімге ұқсамайсыз және ұқсауға міндетті емессіз!

Жұмыс тәжірибесі: 2006-2008 ж.ж. – «Астана» телеарнасы, қос тілде шығатын таңғы бағдарлама жүргізушісі

2008-2010 ж.ж. – «Радио 31», орыс тіліндегі жаңалықтар жүргізушісі

2010-2015 ж.ж. – «Тенгри FM» радиосы, қазақ тіліндегі жаңалықтар жүргізушісі

2015 ж – бүгінгі дейін – «Жұлдыз FM» радиосы, жүргізуші, эфир редакторы

Instagram: @anarmynbaeva

Жандәурен Мәди
музыкалық редактор, радиожүргізуші

Бағдарламалар:  «Таңғы шоу» , «Сәлем саған туған ел!»

Өзім туралы:  Анам мен әкемді 15 жыл күттіріп дүниеге келген үйдің кенжесімін. Достарымның айтуы бойынша, өте пысық, білімді және оқымысты  жігітпін (бірақ ол өтірік). Мен туралы тағы да білгіңіз келсе өзіме жазыңыз.

Жетістіктері: «Nauryz Jam-2014» байқауының вокал номинациясы бойынша жеңімпаз; «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары», «Махамбет оқулары», «Күншуақ» халықаралық байқауының,  «Дельфи ойындары» және тағы да басқа фестивальдердің бас жүлде иегері.  

Хоббиі: Негізі көп. Үй жинау, ұйықтау және кино көру т.с.с.

Өмірлік ұстанымы:  Жалындап жанған от бол, От бола алмасаң, жоқ бол!

Жұмыс тәжірибесі:

2014-2015  жылы  «Мойынқұм таңы» газетінен іс-тәжірибеден өтті;

2015-2017 жылы «КТК» арнасының жаңалықтар бөлімінде іс-тәжірибеден өткен;

2017 жылдан бері  «Жұлдыз Фм» радиосының  жүргізушісі.

 

Әлеуметтік желі:

ВК: https://vk.com/zhandauren

Facebookhttps://www.facebook.com/profile.php?id=100006738427645

Instagram: https://www.instagram.com/jandaurenmadi/

Эл.пошта:  jandauren2212@gmail.com

Наргиз Ибрагим
радиожүргізуші

Бағдарламалар: "Таңғы шоу", "Сәлем саған туған ел!"

Өзім туралы : Отбасымның тұңғышымын, меннен кейін 2 інім бар.

Міңезге келетін болсақ, өте көңілді жүрген ұнайды. Айналамдағы адамдардың көңілін табу үшін үнемі тырысып, алып ұшып жүрем. Бірақ, адам ұнамаса, көңілімді қалдырса  онымен тіл табысуым екіталай.. (мүлдем мүмкіндік жоқ деуге болады..)

 

Жетісітіктері: Ең алғашқы жетістігім жарық дүниеге келгенім деп білем)

Мектеп қабырғасында біраз меркелік шараларға қатысып, жүлделі орындар алғаным бар. Ғылыми жобалар қорғап, «Қазақстанның үміт артарлары» (2010 ж.) кітабына есімім шықты.

Хоббиі: Суға жүзгенді,фильм көргенді, тыныштықта ортырып кітап оқығанды жаұсы көремін. Арасында уақыт тауып, көрмелерге барып, саяхаттауды жаным сүйеді. Таңертен ұйқыдан ояна салып, ыстық қара кофе ішіп армандау мен үшін әлемдегі ең керемет дүние...

Сүйікті фильмдерім : « Великий Гэтсби», «Волк из Уолк Стрит», «Век Адалин» , «Милые обманщицы»

Сүйікті кітаптарым: « Махаббат қызық мол жылдар»,  «Цветы для Элджернона», « Унесенные ветром», « Стигмалион» , «Бегущий за ветром» және т.б.

 

Өмірлік ұстанымы: Мүмкін емес нәрсе жоқ- тек қана солай ойлайтын адамдар бар! ( Если сильно захотеть- можно и в космос полететь)

 

Жұмыс тәжірбиесі : 2018 жылы «Жұлдыз фм» радиосының жүргізушісі.

 

Әлеуметтік желі :

Instagram: nargiz.ibragim

Электронды пошта : nargiza.kz@bk.ru

 

 

 

Аяулым Тілеуқабыл
радиожүргізуші

Өзім туралы: 2002 жылдың 13 шілдесінде дүниеге келдім.

Алматы қаласының тумасымын. Үйдің кенжесімін. 2024 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика мамандығын тәмамдадым. Радиодан бөлек кішігірім кәсібім бар: би ансамблінің негізін қалаушы, жетекшісімін. Амбивертпін. Мен үшін адамдармен тіл табысып, сөйлесу оңай, жақын тарту қиын. Хоббиі: жалғыз қалғанда ән айтқанды, кітап оқығанды ұнатамын, подкаст тыңдаймын, уақытым болса театрға барамын. Өмірлік ұстанымы: Адам боп келдім өмірге, адам боп кету тілегім... Жұмыс тәжірибесі: 2022-2023 ж.ж. - №1 оқушылар үйі, журналистика үйірмесінің қосымша білім беру педагогы 2023 ж – бүгінгі дейін – «Жұлдыз FM» радиосы, жүргізуші Instagram: @ayaulimtileukabyl 

 

 

Үсен Астана
радиожүргізуші

Радиожүргізуші

Мейрамбек Ерболатұлы
жаңалықтар жүргізушісі

Өзім туралы: 

2002 жылы дүниеге келген, үйдің кенжесі.

2024 жылы “Тұран” университетінің журналистика мамандығын бітірген.

Домбырамен ән айтқанды, өлең оқығанды жаным сүйеді

Мейрамды күнде жолыққанша!

 

Айнұр Қапышова
жаңалықтар жүргізушісі

2007 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін телерадио журналист мамандығы бойынша бітірді

2006-2010 ж. «Радио 31» қазақ редакциясының журналисі

2010-2016 ж. «Тенгри FM» радиосы/«Жұлдыз FM» радиосы ақпараттық қызметінің журналисі

2016-2017 ж. «Дала FM» радиосы ақпараттық қызметінің журналисі

2017-2018 ж. «Тенгри FM» радиосы/«Жұлдыз FM» радиосы ақпараттық қызметінің журналисі

2018-2021 ж. «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ (Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауы) баспасөз қызметінің менеджері, PR-менеджер

2021-2022 ж. «СТВ» телеарнасы қазақ редакциясының редакторы, журналист, жүргізуші

2021 ж. бүгінге дейін «Жұлдыз FM» радиосы ақпараттық қызметінің журналисі

Хабар тарату аймағы

101.4
Алматы
100.8
Астана
104.4
Қостанай
106.3
Ақтөбе
107.1
Павлодар
106.8
Тараз
102.4
Қызылорда
107.2
Атырау
106.7
Қарағанды
105.8
Ақтау
105.1
Орал
89.2
Шымкент
102.9
Өскемен
106.3
Петропавл
106.5
Семей

Байланыс

Бізбен байланысу

Редакция:
Алматы қаласы,  Қарасай батыр көшесі, 88 үй.

Бізбен байланысу:
+7 771 799 55 56

Кадрлар бөлімі:
+7 (727) 3 888 155

E-mail:
radiozhuldyz@gmail.com

E-mail (кадрлар бөлімі):
gulnaz_amir@mail.ru

WhatsApp:
+7 771 9907828