Ерке Есмаханның көптен күткен жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. Көпшілікке ұсынылғанына аз уақыт өтсе де, клип 1 млн 200 мың қаралым жинап үлгерген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші "1001 түн" деп аталатын туындысын Атырауда өз-өзін өлтірмек болып суға секірген қызды құтқарып қалған Ақымғалиев Шалқар есімді 24 жастағы полицейге арнаған.
24 жастағы жігіттің сүйіктісі Шалқар Ақымғалиевпен түскен видеосын желіге жүктеп жұртты жылатқан болатын. Әнші де өзінің бейнебаянында қос ғашықтың бақытты сәттерін бейнелеген. Ал клип соңында жас жігіт өзге қызды құтқару жолында құрбан болады.
Желі қолданушылары Ерке Есмаханның жаңа бейнебаянының өте әсерлі шыққанын, көздеріне жас алғандарын жарыса жазды.
"Шын оқиғаға негізделгендіктен, көзге жас келді", "Жарайсың Ерке!", "Бейнебаян қатты ұнады", "Клипті жыламай көру мүмкін емес", "Жүрекке жеткіздің".
"Атыраулық Шалқарға арналған бейнебаян ғой", "Маған өте ұнады" деп пікір білдірді желідегілер.
Жаңа пікір қосу