NinetyOne тобының мүшесі Азамат Зенкаев топтан шықты.
JUZ Entertainment әртіспен арадағы мәселеге байланысты келісім-шарттың бұзылғанын мәлімдеді. Нақты себебі айтылған жоқ. Компания Азаматқа алғыс айтып, NinetyOne тобына қосқан үлесі үшін рахметін жеткізді.
Айта кетейік, Ninety One немесе 91 — JUZ Entertainment агенттігінің 2015 жылы «Айыптама» атты синглмен дебют алған, 5 мемберден тұратын қазақстандық бойз-бэнд. Топ мүшелері: A.Z., ALEM, ACE, ZaQ және BALA. Топ K-pop жанрынан бастау алып, Q-pop (Qazaq-pop) жанрының іргесін қалады. Топтың бас продюсері - "ORDA" тобының мүшесі Ерболат Беделхан.
Жаңа пікір қосу