Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Нұр-Сұлтанда "Астана Арена" стадионында өткен концертте билеттер сатылымынан түскен қаражаттың бір бөлігін Арыста зардап шеккендерге көмектесу мақсатында құрылған қорға аударатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біздің бауырларымыз - Арыс тұрғындары қандай жағдайға тап болғанын білесіздер... Сол себепті мен концерттен түскен қаражаттың біршама бөлігін Арыста зардап шеккендерге аударуды ұйғардым", - деді әнші.
Димаш Құдайбергеннің жеке "Арнау" атты концерті елорда күніне орай өткізілді. Бағдарламада қазақтың ұлттық әндері, қазақстандық және шетелдік композиторлардың туындылары орындалды, сондай-ақ Димаштың авторлық әндері де шырқалды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, әншінің фанаттары 64 елден 10 мыңға жуық адам билет сатып алған.
Еске салайық, Арыста әскери қоймада жарылыстардың салдарынан үш адам қаза тапты. Қазақстандықтар қала тұрғындарына көмек ретінде миллиард теңге жинады.
Add new comment