Алсудың қызы Микелла Абрамова Ержан Максиммен бірге айтқан "Эта любовь" әніне түсірілген бейнебаянды жариялады.
"Міне, көптен күткен премьера. Бұл ең жарқын сезім - махаббат туралы өте жақсы әңгіме. Оны әрдайым жүрегіңізде сақтау керектігін ұмытпаңыз! Ән мен түсірілім жасауға қатысқан барлық адамға алғысымды білдіргім келеді. Жұмыс керемет болды, ал нәтиже барлық үмітті ақтады және әрбіріңізге қолдау көрсетіп, лайк басып, пікір қалдырғандарыңыз үшін рахмет! Сіздерден кері байланыс күтеміз, міндетті түрде өз пікіріңізді қалдырыңыз және бейнебаянмен достарыңызбен бөлісіңіз", - деп жазды Микелла өзінің инстаграмм парақшасында.
2019 жылдың мамырында Қырымда Микелла мен Ержан "Балалар жаңа толқынында" осы композицияны орындаған.
Add new comment