Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) келесі кездесуі алдында жаттығу лагерін бастады, - деп хабарлайды Tengrinews тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен бірге өткізетін екінші жаттығу лагері болмақ. Ол Бэнкспен биылғы көктемнен бері жұмыс істеп келеді.
"Демалыс аяқталды, жұмысқа оралатын сәт жетті", - деп жазды Головкин әлеуметтік желідегі парақшасында.
Естеріңізге салсақ, Головкин 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсты (19-0, 11 КО) нокаутпен жеңген болатын. Енді GGG-дің келесі қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) болады - боксшылар IBF титулын сарапқа салады.
Бұған дейін Головкиннің осы аптада Нью-Йоркте баспасөз мәслихатын өткізетіні хабарланған, мұнда ол келесі жекпе-жегі жайлы ресми хабарлайды.
Add new comment