Алтынай Жорабаева сыншыларға жауап берді | Жұлдыз FM радиосы | Радио Zhuldyz FM

Алтынай Жорабаева сыншыларға жауап берді

Алтынай Жорабаева өзінің қыз ұзатып, тұсау кескенін қатаң сынға алғандарға жауап берді. Әнші бұл дәстүрді құлқынның қамы үшін емес, өзіне айтылған өтініштермен жүзеге асыратынын жеткізді.

Әнші Instagram парақшасында әрдайым жақсылыққа ортақтасуға дайын екенін жазған.

"Негізі еш адам "өмірімде келеңсіздік болсын" демейді. Ажырасты деген - адам өлтірді деген емес қой. Ертең алдында не күтіп тұрғанын ешкім біле алмайды. Адамның бойынан жақсы нәрсе көру керек деп ойлаймын. Барлық күніме, сәтіме Аллаға шүкір деймін. Бұлттың артынан да күн шығады. Өзімді ең бақытты жан деп санаймын. Төрт қызғалдағымды қасыма ертіп жүріп , барынша тәрбиемді беріп, өсіріп келе жатырмын.

Мен өзім сұранғандықтан немесе ақы алу үшін, құлқын қамы үшін емес. Адамдар менің бойымдағы аналық махаббат үшін, болмаса басқа да жетістіктеріме деген құрметтерінен қызын ұзатып, тұсауын кес десе, жақсылығына ортақтасуға әрдайым дайынмын. Ешкімнің алдына түсіп, "мен ұзатайын, мен тұсау кесейін" деген емеспін. Ақ пейілді ағайынның көңілін қайтарсам да ренжиді ғой", - деді Алтынай Жорабаева.

Әнші адамның басындағы жағдайдың тағдырына жазылып қоятынын айтты.

"Нені ойласақ, соған жетеміз ғой. Көбелек гүлге, қоңыз күлге баратыны секілді. Жақсы ой - жарым ырыс. Жақсы сөз - көркем өмірге жетелеуші күш! Баршаңызға тек жақсылық тіледім! Тағдырына ажырасу жазылса, кім ұзатса да ажырасады", - деп ойын қорытындылады Алтынай.

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12166
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5998
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5335