Бағдат Сәмединова: елімізде "халтурщик" әншілер көбейіп кетті | Жұлдыз FM радиосы | Радио Zhuldyz FM

Бағдат Сәмединова: елімізде "халтурщик" әншілер көбейіп кетті

Қазақстанға еңбек сіңірген әнші Бағдат Сәмединова елімізде "халтурщик" әншілердің көбейіп кеткенін ашып айтты деп жазады Sputnik Қазақстан.

 
 

Әнші сахнада кәсіби деңгейі төмен әншілердің көбейіп кеткеніне қынжылды.

"Фонограммамен ән айтуға тыйым салу заңы өнер адамдарына қажет. "Өнерде өсемін, болашағым бар" дейтін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын әнші міндетті түрде табиғи дауыспен айтуы шарт. Кәсіби әншілер бар. Бірақ "халтурщик" әншілердің үлесі басым. Сахнада кәсіби емес әншілер толып жүр. Сондықтан халық әншілер тек фонограммамен ән айтады деген пікірде", - дейді Бағдат Сәмединова.

Оның айтуынша, кеңес үкіметі тұсында әншілерге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, жоғары талап қойылған.

"Мемлекет тарапынан бақылау болды. Көркемдік кеңес жұмыс істеді. Сол кеңестен өткен әнші ғана сахнаға шығуға рұқсат алды. Ал қазір заман басқа, әркімнің еркі өзінде", - дейді өнер иесі.

Сондай-ақ әнші тойға шығатын әншілерді түсінетінін, ол жерде табиғи дауыста ән айту мүмкін еместігін атап өтті.

"Той мен концерттік бағдарламалардың әндері бөлек болуы керек. Әндерді сұрыптап отыратын көркемдік кеңес қажет. Үлкен сахнада тойда айтылатын әндердің шырқалуына қарсымын.

Халықты жаман үйретіп алдық. Кей кездері қайда отырғанымызды білмей қаламыз", - деп түйіндеді сөзін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
13437
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6886
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
6174