Бес қалада айтыс өтеді | Жұлдыз FM

Бес қалада айтыс өтеді

«Nur Otan» партиясының қолдауымен жыл соңына дейін еліміздің бірнеше аймағында айтыс өтеді.

12-13 қыркүйекте Атырау қаласында Фариза Оңғарсынованы еске алуға арналған "Жыр жұлдызы – Фариза" атты республикалық айтыс өтеді. Айтыс десе арқасы қозатын көпшілік алдында Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров сияқты басқа да белгілі айтыскерлер өнер көрсетеді.

18-19 қыркүйекте Қарағандыда Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс болады. Бұл аламанға жергілікті айтыскерлерден бөлек Қырғызстан, Қытай және Моңғолия елдерінен келген суырып салма сөз майталмандары қатысады.

30 қыркүйекте Алматыда "Отан отбасынан басталады" атты отбасылық айтыс, ал 19 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында "Береке бірлігіңде, елім" деген атпен тағы бір аламан өтпек.

Биыл өтетін сөз бәйгелерін Орал қаласында 7-8 желтоқсанда өтетін "Алтын домбыра" республикалық фестивалі түйіндейді.

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

Көпбалалы әнші қуанышымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті. «Аллаға шүкір!!! Қош келдің ұлымыз. Алла Ұлық!» , - деп жазды Динара Сұлтан...
17.02.2020
38
Америкалық киноакадемия 2019 жылдың Оскар киножүлдесінің иегерлерін марапаттады. "Оскар" сыйлығын табыстаудың 92-рәсімі 2020 жылдың 10 ақпанына...
10.02.2020
40
2020 жылдың ең маңызды музыкалық жобаларының бірі "Grammy​" жүлдесін табыстау салтанаты Лос-Анджелес қаласында өтті.     Billie Eilish "Грэмми"...
27.01.2020
97