Қазақстандық әнші Әділхан Макин Витебскіде өткен «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінде Гран-приді иеленді.
«Сүйінші, қазақ елі! Қазақстан өнерінің абыройы тағы бір мәрте асқақтап, «Славян базары-2019» xалықаралық фестивалінде мемлекетіміздің намысын қорғаған Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Эстрада өнері» факультетінің 4-курс студенті Әділхан Макин Гран-приге ие болды. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, мерейімізді тасытқан өнер жеңісі құтты болсын! Осыдан дәл төрт жыл бұрын «Славян базары-2015» xалықаралық фестивалінде Димаш Құдайберген тұңғыш рет Гран-приді жеңіп алып, ал 2017 жылы Ернар Садырбай І-ші жүлдеге ие болған еді. Витебскіде Димаш Құдайберген бағындырған биік биыл Әділxан Макиннің жеңісімен жаңғырды», - деп жазды Асхат Маемиров өзінің инстаграм парақшасында.
Әділxан 2-кезеңде де үміткерлердің көшін бастап, қорытындысында 178 ұпай жинап, қатарластарынан оқ бойы озып, суырылып алға шыққан.
Жаңа пікір қосу