Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Минскідегі "Динамо" стадионында өткен Екінші еуропалық ойындардың ашылу салтанатында сөз сөйледі. Ол опера жұлдызы Анна Нетребкомен бірге шара хедлайнерлерінің бірі болды, - деп хабарлайды Sputnik Беларусь.
Димаш итальян тілінде жаңа композицияны орындаған. Әншіні композитор Игорь Крутой сүйемелдепті. Ғаламат шоуды 22 мыңнан аса адамды тамашалаған, сондай-ақ 196 елде көрсеткен. Құрметті қонақтар трибунасында Беларусь президенті Александр Лукашенко, Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров, Молдова, Сербия президенттері, Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар болды.
Жаңа пікір қосу