Димаштың өнеріне тәнті болған АҚШ азаматшасы Қазақстанға қоныс аударып, қазақ тілін үйреніп жүр | Жұлдыз FM

Димаштың өнеріне тәнті болған АҚШ азаматшасы Қазақстанға қоныс аударып, қазақ тілін үйреніп жүр

Жасы 70-ке таяп қалған зейнеткер қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатыр. Өзі қазақша үйреніп, әрі қазақ балаларына ағылшынды үйретіп жүр екен. Бұл туралы "Еуразия Бірінші" арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Димаштың «Махаббат бер маған» әнін тыңдаған Анита Кахл,  өзіне «Қалайда қазақша үйренуім керек!» деп мақсат қойыпты. Димаштың ана тілінде сайрау үшін қазақтардың ортасында тұруым керек қой деген тағы бір ой келіпті. Содан ол  АҚШ-тағы тып-тыныш, жайбырақат өмірін тастап, Қазақстанға қоныс аударыпты. Келесі жылға дейін осында қалам деп отыр. Зейнеткер қол қусырып отырмай, елордадағы мектептердің бірінде ағылшын тілінен дәріс береді екен. 

«Димаштың даусына ғашық болдым. Қазақ тілін, Димаш сөйлейтін тілді үйреніп жүрмін. Екі жыл бұрын орындауындағы әндерді естідім де, Мәскеудегі концертін көргеннен кейін, Қазақстанға барып тұрамын дедім. Оның әніне ғашықтық мені Қазақстанға баруға итермеледі. Туған жерін көргеніме қуаныштымын», — дейді Димаштың жанкүйері Анита Кахл.

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
825
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
816
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
813