Ержан Максим "Балалар Евровидениесіне" барады | Жұлдыз FM

Ержан Максим "Балалар Евровидениесіне" барады

Ержан Максим  халықаралық «Балалар Евровидениесі» байқауына барады. Бұл жайында өз Facebook парақшасында Ақпарат және қоғамды дамыту министрі Дәурен Абаев бөлісті.

«Қазақ баласы «Junior Eurovision 2019» халықаралық ән байқауына қатысатын болды. Дүниежүзі назар аударатын ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтеді. Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайды. Қазақстан балалар Евровидениесіне биыл екінші рет қатысқалы отыр. Өткен жылы Минск қаласындағы байқауда жерлесіміз Данэлия Тулешова өнер көрсеткен еді», - деп жазды министр.

 

 

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

7-28 маусым аралығында танымал қытайлық Sina платформасында Sina News және Sina Entertainment ұйымдастырған Leading 2020 Sina Entertainment Festival...
30.06.2020
84
Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. "Мына жаңа пневмония деген бәле маған да жетті. Екі күн дене қызуым көтеріліп жатып қалдым...
29.06.2020
102
Жақсы жаңалықпен әнші желідегі парақшасында бөлісті. "Карантинде елге келіп, ең алғашқы қазақша альбомымды жинақтаудың сәті түсті. Қасымдағы кісіні...
11.06.2020
127