Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегінің күнін белгіледі. Бұл туралы инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) мен оның ESPN журналындағы әріптесі Дэн Рафаэль мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт порталының мәліметінше, GGG мен польшалық міндетті Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жек 28 наурызда поляктардың ең үлкен диаспорасы шоғырланған Чикагоға өтеді деп белгіленді. Ал кездесу өтетін ең ықтимал арена ретінде он мың адам сиятын Wintrust Arena аталып отыр.
Айта кетейік, Головкин де, Шеремета да соңғы рет қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Поляк андеркартта мексикалық Оскар Кортесті (27-5, 14 КО) нокаутқа түсірді, ал қазақстандық төрешілер шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңіп, екі белбеуді қанжығасына байлады.
Жаңа пікір қосу