Құрманғазы оркестрінің жаңа басшысы тағайындалды | Жұлдыз FM

Құрманғазы оркестрінің жаңа басшысы тағайындалды

Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық xалық аспаптар оркестрінің жаңа директоры болып Қуанышбек Мұхангалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оны ұжымға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов таныстырды.

Қуанышбек Мұхангалиев - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің түлегі.

Әр жылдары Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің жетекші артисі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің инспекторы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті Театр өнері және кинематография басқармасының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті Музыкалық өнері басқармасының бас сарапшысы мен басқарма басшысының міндетін атқарған.

2017 жылғы шілдеден осы уақытқа дейін Орал қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Ол республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Республикасы "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері.

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

7-28 маусым аралығында танымал қытайлық Sina платформасында Sina News және Sina Entertainment ұйымдастырған Leading 2020 Sina Entertainment Festival...
30.06.2020
83
Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. "Мына жаңа пневмония деген бәле маған да жетті. Екі күн дене қызуым көтеріліп жатып қалдым...
29.06.2020
101
Жақсы жаңалықпен әнші желідегі парақшасында бөлісті. "Карантинде елге келіп, ең алғашқы қазақша альбомымды жинақтаудың сәті түсті. Қасымдағы кісіні...
11.06.2020
127