Американдық поп-әнші Мадонна Нью-Йорк қаласындағы Джон Кеннеди атындағы әуежайда мұсылманша киіммен жүрді.
Оны танығандар суретке түсіріп жариялады. 60 жастағы әнші басына толық жауып тұратын мұсылманша қара бас киім киіп,көзіне күннен қорғайтын көзілдірік атығп, New York Yankees брендінің күртесін киген. Алайда кедендік тексеру пунктінде үстіндегі киімінің бәрін шешіп, жалғыз футболка мен шалбармен ғана қалды.
2018 жылы ақпан айында Лондонда голливуд актрисасы Линдси Лохан хиджаббен ел алдына шыққан еді.
"Сән міндетті түрде жалаңаштану емес", - деп пікір білдірген болатын актриса.
Жаңа пікір қосу