Мақпал Жүнісованың қызы анасының жолын қуғысы келмейді | Жұлдыз FM радиосы | Радио Zhuldyz FM

Мақпал Жүнісованың қызы анасының жолын қуғысы келмейді

Мақпал Жүнісова жалғыз қызы Мерейдің өз ізін қуып, әнші болудан бас тартқанын баяндады. Әнші бұл туралы "НТК" арнасының "Опмай-опмай" бағдарламасында айтты.

Естеріңізде болса, Мерей Заманбек анасының шығармашылық ән кештерінің бірінде ағылшын және қазақ тілдерінде ән шырқаған болатын.

Алайда, бұл Мерейдің сахнада соңғы рет ән айтуы болуы мүмкін.

"Мама, мен ән айтпаймын" деді. "Әнші болғым келмейді. Себебі, фонограмма ғой. Фонограммамен айтып жүріп, "жанды дауыста ән айт" десе қайтем?" деді. Сосын "жарайды" дедім", - деп түсіндірді Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова жалғыз қызының әр қадамын арнайы шпиондарының көмегімен бақылап отыратынын баяндап берген болатын.

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12311
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6113
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5432