Мейрамбек Бесбаев Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланды | Жұлдыз FM

Мейрамбек Бесбаев Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланды

Бұл туралы әнші Іnstagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін өнерде жүрген барша әріптесім ұсыныс жасап, бірауыздан дауыстарын беріп, мені Қазақстан орындаушылар одағының (КОУПИС) басқарма төрағасы етіп сайлады. Біраз жұрт біледі, қазіргі таңда бұл қоғамдық ұйымның қаржылық жағдайы нашар, біраз құрылымдардың алдында қарызы бар, әншілер мен ән өңдеушілердің алдында беделі де төмендеп кеткен. Бірлестік тарихының осындай ауыр кезеңінде әріптес-достарым мені басшы қып сайлап отырғаны - маған сенгені деп қабылдап отырмын. Әрине, мұндай ұйымға жетекшілік ету маған үлкен жауапкершілік артатынын жан-дүниеммен жақсы сезініп әрі түсініп отырмын. Мен ешқашан басшылық қызметке ұмтылған адам емеспін. Мұны бір сахнада жүрген әріптестерім мен қадірлі тыңдармандарым да жақсы біледі", - деп жазды өнер иесі.

Сондай-ақ әнші ұйымның жұмысын жақсарту үшін алдына қандай мақсат қойғанын да айтып өтті.

"Менің мақсатым – ұйымның жұмысын жақсарту арқылы қазақтың төл өнерін дамыту, өнерде жүрген әншілердің құқықтарын қорғап, тиісті шаруаларын шешу болып отыр. Маған сенім білдірген әріптестеріме мың алғыс айта отырып, болашақтың алдында жүзіміз жарық болу үшін, бірлесе жұмыс жасауға шақырамын", - деп түйіндеді Мейрамбек Бесбаев.

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

Көпбалалы әнші қуанышымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті. «Аллаға шүкір!!! Қош келдің ұлымыз. Алла Ұлық!» , - деп жазды Динара Сұлтан...
17.02.2020
38
Америкалық киноакадемия 2019 жылдың Оскар киножүлдесінің иегерлерін марапаттады. "Оскар" сыйлығын табыстаудың 92-рәсімі 2020 жылдың 10 ақпанына...
10.02.2020
40
2020 жылдың ең маңызды музыкалық жобаларының бірі "Grammy​" жүлдесін табыстау салтанаты Лос-Анджелес қаласында өтті.     Billie Eilish "Грэмми"...
27.01.2020
96