Сәкен Майғазиев Ержан Максимді құттықтады | Жұлдыз FM радиосы | Радио Zhuldyz FM

Сәкен Майғазиев Ержан Максимді құттықтады

Сәкен Майғазиев Ержан Максимді жеңісімен құттықтады.

Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық Ержан Максимді "Голос. Дети" байқауындағы жеңісімен құттықтап, жазба қалдырған. Қазақтың маңдайына біткен Ержан Максимдей талантты ұлды тіл-көзден сақтап, болашағы жарқын болсын деп тілек білдірді өнер иесі.

"Бір қазақ көкке көтерілсе шынайы, риясыз қуанатындардың алдыңғы қатарындамын. Бір күн бұрынғы құттықтау видеома тыйым салып, бұғаттап тастапты. Қайырлысы. Алла тіл-көзден сақтасын, құлыншақ. Сенің жеңісің Қазақстанның жеңісі!" - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Өнер иесінің бұл жазбасын көрген желідегі жұрт та Ержан Максимге ақ тілектерін жаудырды.

"Озып шыққан ботақан, адалдық бар, көрдің бе?", "Қазақтың текті азаматтары Димаш пен Ержан, қыран құстай самғай беріңдер", "Жарайсың, құлыншақ! Дауысыңнан айналдым", - деп жазды жұрт. 

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12297
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6099
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5422