Төреғали өзі туралы фильм түсірмек | Жұлдыз FM радиосы | Радио Zhuldyz FM

Төреғали өзі туралы фильм түсірмек

Төреғали Төрәлі көрерменге жаңа кино ұсынбақ, деп хабарлайды Stan.kzтілшісі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.

Киноиндустирияда Қайрат Нұртастың ізін жалғап, «Ұлы дала баласы» картинасын халыққа ұсынған Төрештің бұл салаға деген қызығушылығы арта түскен. Айтыста да, әншілікте де бақ сынап, халықтың сүйіктісіне айналған өнер иесі тағы да кино түсірмек. Әнші бұл туындысын сахнада жүргеніне 10 жыл толуына орай халыққа ұсынамын дейді.

«Еңбектің түбі - жеңбек. Биыл күзде сахнада жүргеніме 10 жыл. Сол мерейтой аясында «Ұлы дала шпионы» деген фильм түсірейін деп жатырмыз», - дейді Төреғали. 

Сонымен қатар, әнші Ұшқын Жамалбекпен жаңа бейнебаянның да жұмысын бастап кеткен. Қазақи нақыштағы бұл туынды «Тақия» деп аталмақ. Дегенмен, Төреғали бұл бейнебаянда тек орындаушы ғана екен. 

«Оны Ұшқыннан сұраңыз, авторы сол. Мен тек орындаушымын», - деді Төреғали Төрәлі.

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12287
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6095
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5420