Төреғали Төреәлі түрмеге арнайы барды. Ұлы дала баласы әнші әрі актер Ерболат Төлегеновпен бірге Алматы облысының ЛА-155\8 колониясында өнер көрсетті деп хабарлайды ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Фото: ІІМ ҚАЖК
Әртістер жазасын өтеушілер үшін қайырымдылық концертін ұйымдастырды.
"Бізге Төреғали Төреәлі бастаған эстрада жұлдыздары келіп, қайырымдылық концертін қойды. Көптеген адамдар оны теледидар арқылы ғана көргендіктен, шын мәнісінде келеді деп күткен жоқ", - деп атап өтті мекеме бастығы Арыстанов.
Сондай-ақ, ол қамаудағы азаматтардың әртістерге сыйлық ұсынғанын айтты.
Жазасын өтеушілер танымал орындаушыларға өз қолдарымен жасаған бұйымдарды сыйлаған.
Сонымен қатар, ведомствода аталып өткендей, Жеңіс күніне орай Павлодар облысының түзету мекемесі қабырғасында "Мәңгілік полк" акциясын өткізді.
Жаңа пікір қосу