Данэлия Төлешова America's Got Talent финалында өнер көрсетті | Жұлдыз FM

Данэлия Төлешова America's Got Talent финалында өнер көрсетті

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шоудың 15-маусымының финалын 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді. Қазақстандық әншінің өнері конкурстың You Tube каналында және Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

 

Төлешова австралиялық Сианың Alive әніне кавер орындады.

"Бұл күрделі композиция, бірақ уақыт аз болса да, соны таңдадық. Қолдау көрсетіп, жазып жатқандарға рақмет, бұл - өте маңызды", - деді Данэлия Төлешова.

Финалға 10 әртіс қатысты, оның алтауы - түрлі жастағы әншілер. Енді финалға шыққандарға тәулік бойы дауыс береді және нәтижесі ертең жарияланады.

Добавить комментарий

Другие новости:

Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5995
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5334
NinetyOne тобының мүшесі Азамат Зенкаев топтан шықты.  JUZ Entertainment әртіспен арадағы мәселеге байланысты келісім-шарттың бұзылғанын мәлімдеді....
11.08.2020
20034