Алаяқтық үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған Гауһар Әлімбекова ақталып шықты. Оның айыбы дәлелденбеген деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әншінің ісіне қатысты бүгінгі апелляциялық сотта судья ақтау туралы шешім шығарды.
"Әлімбекованың айыбы дәлелденбеді. Оның алты жылға берілген шешімі өзгертілсін. Ақталсын", - деді судья.
Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың"алаяқтық" бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды.
Ал арада бірнеше күн өткенде әнші қолхатпен бостандыққа шығарылды.
Добавить комментарий