28 маусымда елорда тұрғындары жас дарын Ержан Максимның айрықша шоу-концертінің куәгерлері болады. Концерт билеттері аз уақыттың ішінде сатылып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі елорда күніне орай "Голос. дети" жобасының жеңімпазы Ержан Максимнің алғашқы дебюттік концертін дайындап жатыр.
Сәкен Майғазиев, Ұлықпан Жолдасов, Ренат Гайсин, Айқын Төлепберген, Мөлдір Әуелбекова, Әбдіжаппар Әлқожа сынды қазақстандық эстраданың танымал орындаушылары Ержанға қолдау көрсетіп, жас дарынмен сүйікті музыкалық композицияларды бірге шырқайды.
Дарынды кішкентай жұлдызымыз ресейлік шоу-бизнестің көрнекі өкілдері Валерий және Константин Меладзені, шоумен Максим Галкинді, композитор Игорь Крутойды, "Муз-ТВ" ресейлік ұлттық музыкалық арнаның бас директоры Арман Давлетьяровты және қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді өз концертіне шақырып, билеттерін берді. Игорь Крутой мен Арман Давлетьяров осындай маңызды күні Ержанды қолдау үшін келетіндерін жеткізді.
Добавить комментарий