Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Жақсы ниеттеріңізбен дұға жасасаңыздар риза болар едім! Аллах Тағалам мені тағы сынады. Мен барлық қиындықты жеңіп шығамын! Сенім, үміт, бақыт, Аллама тапсырдым. Дұға-тілек біреуге тілесең 100, есе өзіңе қайтарылады! Құрметті оқырмандарым бір минуттарыңызды бөліп маған Дұға жасап қойыңыздаршы. Сіздермен тағы кездесіп, тілдессем арманым жоқ! Мен ота жасатуға сіздердің дұғаларыңызбен аттанамын!", - деп жазды әнші.
Әнші кеше, 6 тамызда Алматыдағы ауруханалардың біріне кешкі сағат 19.00 шамасында шұғыл жеткізілген. Администратордың айтуынша, өнерпаздың іш құрылысындағы ауруы көп уақыттан бері мазалап келген. Қазіргі уақытта дәрігерлер консилиум өткізіп жатыр екен. Өнер иесіне әлі ота жасалмаған.
Добавить комментарий