"Голос Дети" байқауындағы жанжалдан кейін Алсу алғашқы рет пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дауыстарды қайта тексеру нәтижесінде Алсудың қызы Микелла Абрамованың жеңісі жоққа шығарылып, финалдық нәтижелер күшін жойған. Бұл жайлы Алсу пікір білдірді.
Алсу байқаудың қатысушылары әлдебір ойынға кіріп кеткендей болды дейді. Оның пікірінше соңында бәрі жақсы жаңалықпен бітпек. Қазіргі таңда әнші қызы Микелланың арнайы шығарылымға қатысып, қатыспайтынынан хабарсыз екенін айтты.
"Микелла алғашқыда байқауға қатысуға өзі қызығушылық танытқан. Сондықтан, арнайы шығарылымға қатысу туралы шешімді де өзі қабылдайтын болады", - дейді Алсу.
Алайда, Алсу қызына жасанды жолмен дауыс жинап бергені туралы жақ ашпады.
Add new comment