Арыстағы жағдай туралы жаңа ән жарыққа шықты | Жұлдыз FM

Арыстағы жағдай туралы жаңа ән жарыққа шықты

Қазақстандық жұлдыздар 24 маусымда жарылыстан зардап шеккен Арыс пен оның тұрғындарына арнап ән жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайдың  Facebook парақшасына сілтеме жасап. 

«Біз біргеміз!» деп аталатын жаңа туындының әнін жазған - талантты композитор Ринат Гайсин, ал сөзі - айтыскер ақын Данияр Алдабергеновтыкі.  

«Бұл шығармада арыстықтар бастан өткерген қиын-қыстау күндер туралы айтылады. Шағын қаладағы қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады. Бүкіл қазақстандықтарды біріктірген оқиға туралы әнді бірқатар қазақстандық жұлдыздар бірге шырқаған» делінген хабарламада. 

Жаңа туындыны Жанар Доғалова, Нұрболат Абдуллин, Диная, Маржан Арапбаева, Бейбіт Қошқалиев, Әли Оқапов, Айри және Нұржан Керменбаев секілді әншілер орындайды.  

 

 

Add new comment

Other news:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
1112
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
1084
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
1065