Жақсы жаңалықпен әнші желідегі парақшасында бөлісті.
"Карантинде елге келіп, ең алғашқы қазақша альбомымды жинақтаудың сәті түсті. Қасымдағы кісіні таныстырмаса да болады. Атақты Марқұм Батырхан ағамыздың репертуарындағы "Отан ана", "Сағым дүние", "Қайран көңіл-ай" сынды талғамы биік көрерменнің жүрегін жаулаған әндердің авторы, нағыз қазақ композиторларының ұстазы - Қуат ағамызбен студияда жұмыс барысында", - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында.
Димаштың айтуынша, ол Қуат Шілдебаевпен 3 жылдан бері кездесуді жоспарлап келген.
"Мен Бейжіңде жүргендіктен Қуат аға екеуміз 3 жыл бойы кездесе алмай енді ғана кездесудің сәті түсті. Осындай ұлы композитормен жұмыс жасаудың өзі үлкен бақыт қой", - деп жазды Димаш.
Add new comment