Димаш Құдайберген жаңа клипінің тизерін жариялап, тыңдармандарын қызықтырып қойды. Испанияда түсірілген "Любовь уставших лебедей" атты бейнебаянның тұсаукесері бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22.00-де болмақ, деп жазады Stan.kz.
Әннің сазын - танымал ресейлік композитор Игорь Крутой, ал сөзін - Михаил Гуцериев жазған. Клипке талантты украиналық Алан Бадоев режиссерлік еткен.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген соңғы кездері Игорь Крутоймен етене жұмыс істеп жүр. Отандасымыз Мәскеуде өткен бірнеше іс-шараға қатысып, аталған әнді орындаған болатын. Сондай-ақ, Димаштың Кремльде өткен концертін ұйымдастыруға Игорь Крутой атсалысқан. Ресейлік композитор Алла Пугачеваның кешінде де Димашқа қолдау көрсетіп, оның болашағына зор үміт артатынын айтқан болатын.
Add new comment