Алаяқтық бабы бойынша айыпталған Гауһар Әлімбекова кезекті сот отырысында жылап жіберді. Өнер иесі Алматы қалалық сотында өзінің кінәлі емес екенін қайталады деп жазады "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасы.
Әншінің айтуынша, Бақыт Назарова оны қорқыту арқылы ақшасын қайтарып алмақ болған.
"Үш пәтер алдым. Бірден алған жоқпыз. Бірінші бір пәтер... "Саған арызға түскен кезде, өзің ақшаны алып келіп бересің. Сенің атыңа кір келтіру - ең жанды жерің. Атыңа кір келтіріп, бүкіл халыққа мен сені қара жағып, қарабет қылам" деді.
Мен ол үйге кіргеніме сенімсіз болсам, ол үйдің жалған пәтер, жалған құжаттар болса, одан күмәндансам мен не қыламын, Бақыт тәтеге айтып? Менің атағым ешқашан шықпаған", - деп көз жасына ерік берді әнші.
Add new comment