Ресейдің халық артисі Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алды.
«Димаш Құдайбергеннің Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым. Осы эстафетаны ҚР Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағанбетовке жолдаймын»,- деп жазды Игорь Крутой өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.
Add new comment