Қарақат Әбілдина мерзімінен бұрын болатын сайлау жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Өнер адамы елдің саяси ахуалына бей-жай қарамайтынын айтып, сайлауда әр бір дауыстың қаншалықты маңызды екенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Таңдау жасау барысында бейбіт күнімізді сол қалпында сақтап, ел тізгінін берік ұсайтын, жан-жақты әрі мықты көшбасшыға дауыс беруді сұрады.
"Сайлауға қатысу, дауыс беру – әр адамның Отан, болашақ ұрпақ алдындағы міндеті. "Не себепті дәл менің дауысым маңызды?" деп санайтын болсаңыз айтайын: дәл сіздің дауысыңыз ел тізгінін кім қолға алатынын шешетін дауыс болуы мүмкін. Елімнің болашағы жарқын болатынына сенімді күйде ұйықтап, бейбіт өмір сүретінімізге сенімді күйде ояну үшін дұрыс таңдау жасауымыз керек", - дейді Қарақат Әбілдина.
Әнші партияның съезін де назардан тыс қалдырмай, Тоқаевтың кандидаттығы бір ауыздан шешілгенін ескере отырып, мемлекет басшысы атауына лайықты адамның ғана ел басқарғанын қалайтынын жеткізді. Өнер жұлдызы ақ ниетін білдіріп халықтың үмітін ақтар тұлғаның басшылыққа келуіне үмітті екенін айтты.
"Бүгін елордамызда Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде ҚР президенттігіне үміткерлікке Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынып, съезге жиналғандар оның кандидаттығын бірауыздан қолдады. Осы орайда мен ақ ниетімді білдіргім келеді. Мемлекет басшысы – ұлттың, халықтың айнасы. Осы атауға лайықты адам ел басқарса – нұр үстіне нұр болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың ашық, әділ өтетіндігін айтқан еді. Ендеше ел тізгіні халықтың үмітін ақтайтын тұлғаға бұйыртсын деп тілеймін", - деп ниетін білдірді Қарақат Әбілдина.
Add new comment