Ресейлік тележүргізуші Максим Галкин «Голос. Дети» шоуының қайта өткізілген ақтық кезеңіне қатысты видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Максим Галкин Instagram желісінде шоудың барлық қатысушысын жеңісімен құттықтап, «Бірінші арнаның» дұрыс шешім қабылдағанына қуанышты екенін жеткізді.
«Көрермен ретінде айтсам, әділ финал жүрегімді елжіретті», - дейді тележүргізуші.
Сонымен қатар ол балалардың тамаша өнер көрсеткенін атап өтті. Ал Константин Эрнсттың сөзін «мұндай қиын жағдайда айтылған жалғыз дұрыс сөз» деп атады.
«Бірінші арна» бұл даудан шығудың лайықты жолын тапты. «Голос» бағдарламасына нағыз эмоциялар үшін алғыс білдіремін», - дейді Галкин.
Естеріңізге сала кетейік, Ержан Максимді "Голос. Дети" байқауының әділқазылары да қолдап, жеңіске жетуге лайық деп тапқан болатын. Алайда, Алсудың қызы Микелла Абрамованың жасанды жолмен дауыс жинауы қазақстандық жігітке жеңіске жетуге кедергі болған. Зерттеу нәтижелері бойынша Микелла Абрамованың жеңісі күшін жойған.
Ал күні кеше өткен шоудың арнайы шығарылымында финалистердің барлығы жеңімпаз деп танылды. Осылайша, қазақстандық жас әнші Ержан Максим жеңімпаз атанды.
Add new comment