Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Дос-Мұқасан" тобының әншісі Мұрат Құсайыновтың дауына қатысты пікір білдірде деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Министрдің пікірінше, жанжалдың екі жағы болады. Бір жағынан ұшаққа отырғызу және ұшу уақытында қажетті тәртіпті сақтау керек. Екінші жағынан - сахна майталманын сыйлау керек.
"Дос-Мұқасан" аңызға айналған топ. Ойлап көріңіздерші, Ұлыбританияда Пол Маккартниді ұшаққа кіргізбей қойса не болар еді?
Оның үстіне Қазақстанда шаңырақ көтергендердің 90 пайызы "Дос-Мұқасанның әнімен ортаға шығады. Сондықтан бұл мәселе оңай емес", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Естеріңізге сала кетейік, "Дос-Мұқасан" солисі Мұрат Құсайынов пен әуе компаниясы арасындағы дау желіде қызу талқыға түскен болатын.
Артынша әншінің өзі бұл дауға қатысты пікір білдіріп, шындығын айтты.
Сондай-ақ өнер әлемінің майталмандары да Мұрат Құсайыновтың бұл ісіне қатысты өз пікірлерін білдірген болатын.
Add new comment