"Жұмыс тобы құрылды. Мұнда орындаушының фонограмманы қолданатынын көрерменге хабарлау міндеті туралы сөз болып отыр. Бұл таңдау құқығы үшін жасалынады. Ереже билет бағасына міндетті түрде әсер етеді. Жеке басым фонограммамен өтетін концертке билетті қымбатқа сатып алмас едім", - деді Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова тілші сұрағына.
"Заңнама Қазақстан аумағында қолданылады. Ереже қабылдаған жағдайда кез келген шетелдік, қазақстандық әртіс заң шеңберінде жұмыс істейді. Бұл норма әлі қабылданған жоқ, бірақ депутаттар оны қолдады. Басқа мемлекеттік органдар тарапынан наразылық болған жоқ", - деп түсіндірді маман.
"Сондай-ақ фонограммаға тыйым салу туралы да сөз болды, бірақ біз бұған әлі дайын емеспіз. Мүмкін, уақыт өте келе енгізіп көруге тырысамыз. Фонограмманы мүлдем қолданбау үшін жабдықталған концерт залдары қажет, бірақ қазір олар тек республикалық деңгейде бар. Өңірлік деңгейде бәрі дайын емес болуы мүмкін. Бұл мәселе талқыланып жатыр", - деді Күміс Сейітова.
Add new comment