"Қазақфильм" киностудиясының басшысы Арман Асенов "Томирис" фильмінің бюджетін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Фильмге 10 миллион доллардан аз қаражат жұмсалды. (...) Теңгемен санағанда - шамамен үш миллиард теңге. (...) Біз ақшаны әрдайым санап отырамыз, себебі бюджет көп болып кетпеу керектігін түсінеміз. Бірақ "Томирис" фильміне жұмсалған ақша әлемдік прокаттан қайтып оралатынына кепілдік береміз. Кино - аз уақытта келетін ақша емес, бұл бизнес емес. (...) Мұнда біздің мәдени игілігімізді, киноны қандай да бір бюджетпен салыстыруға болмайды. Біз ұрпағымызға мұра қалдыруға, тарихымызды құруға тырысамыз", - деді Арман Асенов фильмнің тұсаукесеріне орай өткен баспасөз мәслихатында.
Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Sataifilm компаниясының қатысуымен "Қазақфильм" киностудиясы түсірген, бас продюсері - Әлия Назарбаева.
Add new comment