Жанар Хамитова қайтыс болды | Жұлдыз FM

Жанар Хамитова қайтыс болды

Бұл туралы әнші Әбубәкір Ужазов (Әбу Кай) Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Сене алар емеспін. Ардақты ағайын... Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Мән жайды анықтап ағасына хабарластым. Өкінішке орай сіздер де менде естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақ көңіл, сүйкімді Жанардан айырылып қалдық... Арамыздан ерте кетті өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз Жанар Хамитова! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын...", - деп жазды ол.

 

Айта кетейік, Жанар Хамитова шығармашылық карьерасын Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" тобында бастап, қазақстандық тыңдармандар арасында танымал болған еді. Бұған дейін ол Super Star KZ жобасына қатысқан болатын.

"Жұлдыз ФМ" ұжымы әншінің отбасына, туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады!

Add new comment

Other news:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12161
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5994
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5333