Батырлар арамызда | Жұлдыз FM

Батырлар арамызда

Өмірді көкжиегіңнің кеңдігіне байланысты көресің. Қазақта "не ексең соны орасың" деген қанатты сөз бар. Мысалы, ғұмыр бойы мына жалғанға риза болмауың мүмкін. Немесе мына заманда әділетті де шыншыл адамдар қалмаған деп есептеуің мүмкін. Ал керісінше адамдарға титтей де болса жақсылық жасауыңа, бір адамды аппаттан құтқаруыңа да болады. Қысқасы өзіңді, мінезіңді өзгерту өз қолыңда. Хәкім Абай: "адам мінезін өзгертіп болмайды дегендердің тілін кесер едім" деп бекерге айтпаған. Өмір бояуларын ылғи қара немесе түрлі-түсті етіп көру жүрек көзіңнің көрегендігіне байланысты.

 Tengrinews.kz "Батырлар арамызда" атты сериялы мақалаларын жариялауды бастады. Енді біз жақсы адамдардың жақсылығын айтамыз, бір адамның екінші адамды апаттан аман алып қалғандығын, адамдардың көмекке мұқтаж міскіннің қасынан жәй ғана өтіп кетпегендігі туралы, бейтаныс адамның екінші бір бейбаққа аяққа тұруға көмектескіндігі жайлы, қандай қиын белестер болса да тайсалмай бағындырғандар туралы әңгімелейтін боламыз. Құрметті оқырмандар, сіз де біздің кейіпкеріміз болуыңыз мүмкін.

Ол үшін өз оқиғаларыңызды – geroi@tn.kz электронды поштамызға жолдаңыз.

Other projects:

Құрметті достар! "Жұлдыз FM" радиосы ERG компаниясының қолдауымен "БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ" атты xалықаралық деңгейдегі жақсылыққа шақыратын флешмобын...
20.06.2019
Tengrinews.kz "Қазақстанның талантты балалары" жобасы аясында жас та болса біраз жетістікке жеткен балалар туралы жазуын жалғастырады Еске салайық,...
07.06.2019
Ұстаз деген сөзді естігенде өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені...
07.06.2019