«Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшы тағайындалды | Жұлдыз FM

«Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшы тағайындалды

"Қазақфильм" киностудиясына жаңа президент тағайындалды. Бұл қызметке Арман Әсенов келді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ ұжымымен кездесуде киностудия президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалған Арман Әсеновті таныстырды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

 

Арман Әсенов 1972 жылы 17 сәуірде дүниеге келген, актер, продюсер. 2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін "Республика алаңы" ЖШС директоры болып қызмет еткен. 1995-2000 жылдары "Қазақфильм" АҚ продюсері қызметін атқарып, осы күнге дейін киностудияда түрлі қызметтерде болған. Жастар сыйлығының лауреаты және көптеген мемлекеттік және мерейтойлық наградаларының иегері.

Айта кетейік, 9 тамызда Бақыт Қайырбеков "Қазақфильм" президенті қызметінен кеткен болатын. 

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

Көпбалалы әнші қуанышымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті. «Аллаға шүкір!!! Қош келдің ұлымыз. Алла Ұлық!» , - деп жазды Динара Сұлтан...
17.02.2020
38
Америкалық киноакадемия 2019 жылдың Оскар киножүлдесінің иегерлерін марапаттады. "Оскар" сыйлығын табыстаудың 92-рәсімі 2020 жылдың 10 ақпанына...
10.02.2020
38
2020 жылдың ең маңызды музыкалық жобаларының бірі "Grammy​" жүлдесін табыстау салтанаты Лос-Анджелес қаласында өтті.     Billie Eilish "Грэмми"...
27.01.2020
96