Нұр-Сұлтанда "Қазақстан аруы-2019" байқауы өтті. Конкурс финалына әр өңірден 32 ару қатысты, бір қыз денсаулығына байланысты жарыстан шығып қалды.
Жеңіске Павлодардан келген 19 жастағы Мадина Батық жетті. "Қазақстан аруы" байқауының жеңімпазы "Әлем аруы" байқауына жолдама алды. Сондай-ақ, 3 миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.
"Бұл өте қызықты және ұмытылмас сәт, мен эмоцияларымды жеткізе алмаймын, мені қолдағандарға алғысымды айтамын. Ұтысымды ата-анама табыс етемін", - дейді жеңімпаз.
"Қазір университетте туризм мамандығы бойынша оқимын. Болашақта біздің елдегі туризмді дамыту мақсатында мамандық бойынша жұмыс істегім келеді", - деді Мадина.
Диана Әбішева бірінші вице-мисс атанды. Екінші вице-мисс дәрежесі Надежда Недосековаға, үшінші вице-мисс Сания Мерғалиеваға бұйырды.
Добавить комментарий