"Астана" шабандозы Франциядағы жарыста топ жарды | Жұлдыз FM

"Астана" шабандозы Франциядағы жарыста топ жарды

"Астананың" даниялық шабандозы Якоб Фульсанг Франциядағы "Критериум Дофине" көпкүндік жарысын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

16 маусымда соңғы, сегізінші кезеңде Фульсанг мәре сызығын 16-болып кесті. Ал қазақстандық команда сапында Алексей Луценко үздік нәтиже көрсетті - 8-орын.

Фульсанг 7-кезеңнен кейін жалпы есепте топ бастаған. Ол барлық кезеңді 30 сағат, 44 минут және 27 секундта өтіп шықты. Даниялық шабандоздан EF Education First өкілі америкалық Тиджей ван Гардерен 20 секундқа, Bora-Hansgrohe спортшысы, неміс Эмануэль Бухман 21 секундқа қалып қойды.  "Критериум Дофиненің" жалпы есебінде Луценко 7-орын алды. Ол Фульсангтан 1 минут, 12 секундқа артта қалды.
 

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12163
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5997
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5335