"Бәрі жақсы болады!" - Тыңдармандарымыз қуанышты жаңалықтарымен бөлісуде | Жұлдыз FM

"Бәрі жақсы болады!" - Тыңдармандарымыз қуанышты жаңалықтарымен бөлісуде

Жұлдыз FM радиосы бастаған "Бәрі жақсы болады" атты xалықаралық деңгейдегі флешмобқа қазақстандықтар өмірінде болған жақсы жаңалықтарын жолдап жатыр.

Жұлдыз FM радиостанциясы айына бір рет эфирге тұрақты тыңдарманын қонаққа шақырады. Осы жолы студияға Мадина Досымова келді. Ол 4 жыл бойы бала көтере алмай жүрген. Ал енді қуанышты жаңалығын айтып, қонаққа келіп тұр, құрсағына жан бітіпті.

 

Жобаның мақсаты - әркім өміріндегі жетістіктерін, қуанышты жаңалығын айта отырып, адамдарға шабыт, ой сыйлау. 

Радиостанцияға хабарласқан тыңдармандардың бірі, Шымкент қаласының тумасы Сандуғаш тікелей эфирде Сымбат атты қарындасының дүниеге келгенін қуана-қуана айтып берді. Сонымен қатар, редакцияға хабарласқан Аружан туған бауырының 9-сыпын бітіргенін, оның Қарағандыға оқуға тапсырып, мемлекеттік грант ұтып алғанын айтып, отбасындағы жақсы жаңалығын бөлісті. Оған қоса жақында інісі мен қарындасы дүниеге келіпті, ал Ақтөбе облысындағы әпкесі көптен армандаған пәтер сатып алыпты және 80 жасқа толуына байланысты әжесіне облыс әкімдігі пәтер сыйлапты. 

 

Жоба ERG компаниясының қолдауымен жүзеге асып жатыр. Флешмобқа қатысу үшін өмірде болып жатқан кез келген жағымды жаңалықтарды желілерде бөлісіп отыру керек. Мәселен, баланың дүниеге келуі, үйдің салынуы, жаңа көлік сатып алу, сүйікті актеріңіз ойнайтын жаңа фильмнің шығуы не болмаса жақын адамыңызбен кездесудің өзі жобаның негізгі арқауы.

Сіздер де тек жақсылыққа, игі істерге шақыратын жобаның қатысушысы болыңыздар! Өздеріңіздің xаттарыңызды Вконтактедегі "Жұлдыз FM" ресми топ парақшасына немесе Instagram желісіндегі ресми парақшасына @zhuldyz.fm жолдай аласыздар.

Сонымен қатар тікелей эфир нөміріне де xабарласып, өз оқиғаларыңызды бөлісе аласыздар. Тікелей эфир нөмірі: 8 (727) 3 888-101.


Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12284
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6092
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5418