Данияр Елеусінов Нью-Йоркте ашық жаттығу өткізді | Жұлдыз FM

Данияр Елеусінов Нью-Йоркте ашық жаттығу өткізді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) Нью-Йорктегі бокс кешінің қатысушыларымен бірге ашық жаттығу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

13 қыркүйекте Madison Square Garden аренасының Hulu Theather шағын залында Елеусінов әлі жеңілмеген 34 жастағы америкалық Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) жұдырықтасады. Жартылай орта салмақтағы кездесу он раундқа есептелген.

 

Елеусінов пен Хикс жұдырықтасатын бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Девин Хэйни мен ресейлік Заур Абдуллаев кездесіп, жеңіл салмақта WBC "уақытша" чемпионы титулын сарапқа салады. АҚШ-та шоуды DAZN стриминг сервисі тікелей эфирде көрсетеді. 

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12295
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6099
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5422