Димаш Құдайберген World Music Awards премиясының иегерімен дуэт орындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Таяуда назарларыңызға World Music Awards премиясының иегері Лара Фабианмен жаңа дуэт ұсынамыз", - деп жазды Димаш Instagram желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, жаңа дуэттің қашан тұсауы кесілетіні белгілі болды.
"Игорь Крутойдың жеке концертінде көріскенше. Жаңа әндер, жаңа туындылар, әрине хит әндер орындалады. Жаңа дуэттің тұсаукесері осы кеште болмақ", - деп жазды Димаш Құдайберген.
Игорь Крутойдың мерейтойлық концерті Мәскеуде 15 қараша күні болады. "Өмірде 65 бір-ақ рет болады" атты концертке Димаш Құдайберген, Лара Фабиян, Андре Бачели, Юри Башмед, Интарс Бусулис, Аида Грифулина сынды бірқатар тұлғалар қатысады. Кремль алаңында болатын кештің басты ерешелігі - мұздағы шоу. Музыканың мұзбен үйлесуі тыңдарман үшін үлкен жаңалық болмақ.
Добавить комментарий